Досаев президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Ерболат Досаев

Ерболат Досаев президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Жұма, 19 қыркүйекте Ақорда сайтында тиісті жарлық жарияланды.

55 жастағы Досаев 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан соң Алматы әкімі болып тағайындалып, биыл 25 мамырда бұл қызметтен босатылған еді. Содан бері ресми қызметке бекітілмеген.

Досаев елді Нұрсұлтан Назарбаев басқарып тұрған тұста, 1998 жылы премьердің кеңесшісі қызметіне тағайындалған. Содан бері қаржы, денсаулық сақтау, экономика министрі, Ұлттық банк басшысы, премьердің орынбасары қызметтерін атқарған.

Досаев 2006-2012 жылдары аралығында бизнеспен айналысқан. 2014 жылы қазақстандық Forbes журналы оны елдегі ең дәулетті 50 кәсіпкер қатарына енгізген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Тоқаев Дархан Сатыбалдыны не үшін Алматы әкімі етіп тағайындады?