Минск мешітіндегі ауызашар

Мешіттегі ақшам намазы алдында.

Ақшам намазын оқып жатқан мұсылмандар.

Беларусь мұсылмандар діни бірлестігінің мүфтиі Әбу-Бекір Шабанович (ортада) намазда тұр.

Мешітке келген мұсылмандар бір-бірімен амандасып жатыр.

Минск мешітінде ауызашарға 70 литр көже әзірленді.

Күн ұясына қонып, мешітте намаз оқылғаннан кейін ауыз ашқалы жатқан жамағат.

Рамазан айында кей мұсылмандар қасиетті Құран-кәрімді толық аударып шығады.

Минскіде мешіт салуға қаржыны Түркия бөлген. 2016 жылғы қарашада мешітті ашу рәсіміне Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысқан.

Беларусь елінде жеті мыңға жуық мұсылман (липка татарлары) тұрады.

Липка татарлары қазіргі Беларусь территориясына 13-14 ғасырларда, Ұлы Литва князьдігі тұсында қоныстанған. Қазірге кезде Беларусьпен қоса Польша және Литвада да липка татарларының шағын қауымдары бар. Бұл түркітілдес аз санды этникалық топ өкілдерінің басым көпшілігі ана тілін жоғалтып алған, бірақ дінін сақтап қалған.

Мұсылмандарда Рамазан кезінде күн ұясына қонғаннан кейін қай дінді ұстанатындығына қарамастан мейманға дәм ұсынып, қонақжайлық танытатын дәстүр бар.

Ауызашарға жиналған жұрт.

Ауызашардан кейін мешіт жанында әңгімелесіп тұрған адамдар.

Минскідегі мешіттің алдында тұрған жастар.