Авдеевкадағы майдан шебі
Авдеевкадағы алдыңғы шепте жүрген украиналық сарбаз.
Украиналық сарбаздар алдыңғы шепте окоп пен траншеяны жер қатпай тұрып тезірек қазып алуға бар күшін салып жатыр.Қазір қарсылас екі жақ – украиналық әскерилер де, сепаратистер де осылай жер қазып, әрқайсысы бекінісін мықтылауға кіріскен.
Журналистер украиналық әскерилердің алдыңғы шептегі бекінісіне келді. Сарбаздар кез келген сәтте атыс басталып кетуі мүмкін екенін ескерткен, сондықтан бір жерден екінші жерге ауысқанда жүгіруге тура келеді.
Алдыңғы шептегі әйелдер әжетханасы.
"Демалу" аймағы.
Авдеевка өнеркәсіп аймағын қорғаушылардың бірі Вячеслав 40 жаста.
Ірі калибрлі пулемет орнатылған ұрыс ұясында тұрған сарбаз. Бұл жерден дұшпан бекінісіне дейінгі аралық кемінде 100 метр болады.
Жаумен жақын шайқас бола қалған жағдайға деп әзірлеп қойған қол гранаталары.
Авдеевка өнеркәсіп аймағын қорғаушылардың тағы бірі – 21 жастағы Дмитрий.
Авдеевка өнеркәсіп аймағын қорғаушылардың керек-жарақ заттары.
Әскери кезекшілік атқаруға шыққан украиналық сарбаз.
Әскери бекінісіне барар жол бойында бұрынғы автобазаның соғыс салдарынан қираған ғимараттары жиі ұшырасады.
Майдан шебіндегі ымырт алдындағы сәт. Енді көп ұзамай қараңғы түскен соң тағы да атыс басталады.