Өзбекстан Қазақстан цементін кіргізуге "тыйым салды". Неге?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның QazCem қауымдастығы Өзбекстан үкіметінің цемент импортына тыйым салғанын, тамыздан бері тасымал тоқтағанын мәлімдеді. Бірақ Ташкент салған тыйым құжаты ашық дереккөздерде жоқ. Бұл саясаттың астарында не жатыр? Екі тараптың бәсекесі ме әлде отандық өнеркәсіпті қолдау ма?