Абайдың “Қара сөздері” алғаш рет ортақ түркі әліпбиінде басып шығарылды

Алматыдағы Абай ескерткіші. Көрнекі сурет.

Абайдың “Қара сөздері” алғаш рет ортақ түрік әліпбиінде басып шығарылды. Бұл жөнінде Түркі академиясының сарапшысы Дінмұхамед Әметбек хабарлады.

Оның сөзінше, Түркі мемлекеттері ресми түрде тағайындаған мамандардан құралған комиссия 1991 жылы ұсынылған латын негізіндегі ортақ әліпи жобасын қайта қарап шыққан. Былтыр қыркүйекте Бакуде 34 әріптен құралған ортақ түркі әліпбиі бекітілген.

“Бұл түркі дүниесінің бірігу жолында жасалған ең нақты қадамдарың бірі” деді ол.

Бұған дейін ортақ түрік әліпбиінде Шыңғыс Айтматовтың да шығармалары басылып шыққан еді.

Былтыр ортақ түркі әліпибі қабылданған кезде мамандар түрліше бағалаған. Мысалы, кей шығыстанушы ғалымдар "түркі елдері бұдан бұрын ортақ әліпби нұсқасын жасағанын, бірақ соңында әр ел өз нұсқасын қабылдап, ол жоба өзінше қалып қойғанын" айтып скептицизммен қараған. Ал кей ғалымдар бұл әліпбидің болашағына үмітпен қараған.

«Ортақ әліпби негізінде, ортақ әріптер базасы негізінде әр тіл өзінің жеке ұлттық әліпбиін жасайды немесе түзетеді. Түсіндіре кететін тұс, бұл – ортақ әліпбидегі барлық әріптерді алу міндет еместігі. Мұнда әр тіл өзінде қай дыбыс бар, сол дыбыстың таңбасын ғана осы әліпбиден алады. Мысалы, ортақ әліпбиде с және j әрпі бар, бұл екі әріпті ж және дж дыбыстары бар тілдер ғана алады. Ал қазақ тілі үшін бір ғана j таңбасы жеткілікті. Ортақ түркі әліпбиі әр тілдің барлық фонемалары қамтылған әліпби емес, түркі тілдеріне ортақ фонемалардың базасы. Сондықтан бұл базаға түркі тілдері келіскеннен кейін, оның ішіндегі әліпби құрамына өзгерістерді өзара ойласа отырып салғаннан кейін бұл жерде қиындық тумауы керек» деді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Құралай Күдеринова massaget.kz сайтына берген сұхбатында.