Назарбаевадан базарын даулаған кәсіпкер. Бұл іске жоғары шенді прокурордың не қатысы бар?
Your browser doesn’t support HTML5
Алматының "Кенжехан" базарының бұрынғы иесі активін қайтарудан үмітін үзе бастаған. Ол базар әлі Әнипа Назарбаеваның ықпалында және қазіргі иесі экс-президент әулетімен аффилирленген тұлға деп санайды. Бірақ мұны базардың жаңа иесі жоққа шығарып отыр.