Украинаның су дрондары Ресейді әуреледі

Your browser doesn’t support HTML5

Украина суда жүзетін дрондар жасап, жетілдіріп, Қара теңізде Ресейдің кемелері мен тікұшақтарына шабуылдап жүр. Мәселен, 25 қыркүйекте Украина су дрондарымен Новороссийск портына да шабуылдаған. Бұл портта Каспий құбыр консорциумының (КҚК) мұнай терминалы мен Қара теңіз флотының әскери-теңіз базасы орналасқан. Ал былтыр Қара теңізде Ресейдің тікұшақтары мен кемелерін де су дрондарымен нысанаға алған.