Путиннен "көңілі қалған" Трамп, санкцияны күшейткен Еуропа. Соғыс жаңалықтары
Your browser doesn’t support HTML5
Еуропалық комиссия Ресейге қарсы жаңа 19-пакет санкцияларды мақұлдады деп хабарлады Еурокомиссияның ресми өкілі Паулу Пиньо. Бұл пакетте криптовалюта, банк секторы және энергетика салалары қамтылады. Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер президент Трамппен бірлескен баспасөз мәслихатында Украинада бейбітшілікке қол жеткізу үшін Владимир Путинге қысымды күшейту қажет деп мәлімдеді. Ал Трамп соғысты аяқтау ойлағаннан да қиын болып шыққанын және Путиннен көңілі қалғанын айтты.