1916 жыл қасіреті

1916 жылғы көтерілістің екі ірі ошағы Жетісу мен Торғай даласы болды. Ұлт-азаттық сипат алған көтерілісті басу үшін патша жазалаушы әскер шығарды. Көптеген қазақтар мен қырғыздар Жетісудан Қытайға қашуға мәжбүр болды.  

Суретте: 1916 жылғы көтеріліске қатысқан адамдарды жазалау шарасы. Түркістан өңірі, 1916 жыл. Фото «Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласы» кітабынан алынды.

1916 жылы бүкіл қазақ даласында ірілі-ұсақты көтерілістер болды. Кейбір өңірлерде бұл қарсылықтардың Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрес сипаты болды.  

Тоқаш Бокин (суретте) Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс белсенділерінің бірі болды. Ол тұтқындалып, патша тақтан құлағаннан кейін босатылды. Тарихшыларға ол кейіннен Верный мен Жетісуда совет билігін орнату үшін күрескендердің бірі ретінде танылды.  

Қырғызстанның тау шатқалдары арасында 1916 жылғы көтеріліс құрбандарының сүйектері әлі шашылып жатыр.  

Биыл мамыр айында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 1916 жылғы үркіншілікте қаза тапқандарды мәңгі есте қалдыру үшін Бішкекте және зұлмат құрбандары жерленген жерге ескерткіштер орнату туралы жарлыққа қол қойды. 

Суретте: 1916 жылғы көтерілісте қаза тапқан адамдардың сүйектерін қайта жерлеу сәті. Қырғызстан, 30 шілде 2006 жыл. 

Тарихшылар «1916 жылғы үркіншілік – қазақ пен қырғызға ортақ трагедия» деп​ санайды .   

Қырғызстандағы тарих музейінің 1916 жылғы көтеріліске арналған бөлімінен түсірілген сурет. Экспонаттарға берілген түсініктемелерде бұл сөмкелер мен оқ құятын формалардың көтерілісшілердікі екені жазылған.  

Бішкектегі тарих музейіне патшаның жазалаушы әскерінен қашқан адамдардың заттары қойылған. 

2006 жылы Қырғызстандағы тау шатқалында көтерілісшілерге ескерткіш қойылды.  

1916 жылғы көтерілісте қаза тапқандарды еске алу шарасы. Қырғызстан, 2 тамыз 2014 жыл.