Жетісу облысында десанттық шабуыл бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз оқу-жаттығу кезінде қаза болды деп хабарлады ҚазАқпарат.
"Қару-жарақ қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан әскери қызметкер қаза болды. Ол өлімге әкелетін жарақат алды" деп мәлімдеді Қазақстан қарулы күштері десанттық шабуыл әскерінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр.
Қорғаныс министрлігі лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі немесе немқұрайлығы анықталса, кінәлілер қатаң жазаланатынын ескерті. Марқұмның жақындарына тиісті көмек көрсетілетіні хабарланды.
Өткен аптада Алматы облысында бір сарбаз қаза болған. Құрлық әскері сарбаздың "өз-өзіне қол жұмсағанын" айтқан. Ал туыстары бұған күмән келтіреді.