АҚШ Украинаға Ресей аумағындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасауға қажет барлау деректерін береді. АҚШ президенті Дональд Трамп тиісті бұйрық шығарды, деп жазды америкалық шенеуніктерге сүйенген The Wall Street Journal.
Басылымның жазуынша, Трамп әкімшілігі бұған дейін Киевке Украина шекарасынан едәуір қашықтықта орналасқан ресейлік нысандар туралы барлау мәліметтерін бермеген. АҚШ сонымен қатар Еуропадағы одақтастарын ресейлік мұнай өңдеу зауыттары, құбырлар және басқа да энергетикалық инфрақұрылым бөліктері туралы ақпаратты Киевке беруге шақырған.
Ақ үй сонымен бірге Украинаға орта қашықтықтағы қанатты зымырандарды, соның ішінде "Томагавк" пен "Барракуданы" жеткізу мәселесін талқылап жатыр. Бірақ әлі шешім қабылданған жоқ.
Сарапшылардың пікірінше, Киевпен ақпарат алмасуды жетілдіру туралы шешім – Дональд Трамптың атысты тоқтату талпынысы нәтиже бермегеннен кейін Украинаға Америка қолдауын арттыруға дайын екенідігінен хабар беретін маңызды сигналдардың бірі. Тамыз айының соңында Ақ үй Киевке 500 шақырымға дейінгі нысанаға соққы бере алатын жаңа үлгідегі «әуе-құрлық» зымыранын жеткізуді мақұлдаған.