Украина барлау басқармасы аннексияланған Қырымда ресейлік үш тікұшақ МИ-8 бен "Небо-У" радиолокациялық станциясы жойылғанын мәлімдеді.
"Украина қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасына қарасты «Елес» арнайы жасағының сәтті әскери іс-қимылының нәтижесінде уақытша оккупацияланған Қырымда Ресей әскери-әуе күштері тағы кеміді" деп жазылған хабарламада.
2022 жылдан бері Қырым түбегі аумағына күн сайын дрондар мен ракеталар шабуылдайды. Ақпарат верификацияланған жағдайда да Ресей қорғаныс министрлігі немесе Ресей билігі көбіне Қырымдағы ресейлік әскери нысандарға соққы жасалғанын растамайды.