Accessibility links

Сот "Клооп" операторы мен бұрынғы қызметкерін түрмеге жіберді


Александр Александров және Жомарт Дулатов сот залында. 17 қыркүйек 2025 жыл.
Александр Александров және Жомарт Дулатов сот залында. 17 қыркүйек 2025 жыл.

Бішкектің Бірінші май аудандық сотында "Клооп" басылымының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот аяқталды. Сот басылымның екі есепшісін кінәлі деп танып, 5 жыл түрмеге кесіп, үш жылдық пробациямен еркіндікте қалдырды. Операторлар Александр Александров пен басылымның бұрынғы қызметкері Жомарт Дулатовты бес жыл түрмеге кесті.

Тергеу органдары оларды "жаппай тәртіпсіздікке шақырды" деп айыптады.

Алдыңғы сот отырысында Дулатов пен Александров тергеу кезінде берген жауаптарынан бас тартқан. Олар тергеу кезінде солай жауап беруге мәжбүр болғанын айтқан.

Айыпталушылардың барлығы тағылған айыптармен келіспеді. Басылым редакторы бұған дейін айыптау актісінде жазылған істі қозғауға негіз болған бес видеоматериал "Клооп" пен айыпталушыларға тіке қатысы жоғын айтқан еді.

Мамырдың соңында "Клооп" журналистері Зиягүл Болатқызы және Айдай Еркебаева, видеооператор Александр Александров, басылымның бұрынғы қызметкерлері Жомарт Дулатов пен Зару Садығалиев ұсталған еді. Тергеуден кейін бес қызметкер босатылған, ал Александров пен Дулатов уақытша қамау изоляторына екі айға қамалған.

ҰҚМК осыған дейін "Клооп" қызметкерлері тыйымға қарамастан мәліметтерді бұрмалап, теріс сипаттағы материалдарды жариялап, ақпараттық қызметпен айналысқан" деп мәлімдеген.

Он халықаралық баспасөз қорғау ұйымы, арасында Human Rights Watch та бар, Қырғызстан билігін "Клооп" журналистеріне тағылған айыпты алып, ақпарат құралдарына қысым жасауды доғаруға шақырған.

2024 жылы ақпанда Қырғызстан соты Бішкек прокуратурасының өтінішімен "Клооп" заңды тұлғасы мен Kloop Media қоғамдық қорын жойған. Қадағалау органының пікірінше, басылым жариялаған материалдардың басым бөлігі "мемлекеттік және жергілікті органдардың беделіне нұқсан келтіруге" бағытталған.

XS
SM
MD
LG