Ресей мен Украина электр желілерін жөндеу үшін Запорожье АЭС-і аумағында атысты тоқтатуға келісті. Бұл жөнінде атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) хабарлады.
Еуропадағы ірі АЭС-ті Ресей 2022 жылы Украинаға басып кірген кезде жаулап алған. Электр энергия өндіру тоқтатылған, бірақ станция сырттан келетін электрге зәру. АЭС-ті электр сымдарына жалғайтын жүйе бұзылып, Мәскеу мен Киев бұған бір-бірін кінәлаған.
МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гроссидің айтуынша, жөндеуші мамандар атыс тоқтағаннан кейін нысанға кіре алған. Запорожье АЭС-іне төрт апта бойы сырттан электр энергиясы келмей, станция дизель-генератордан тоқ алып келген.