Accessibility links

"ҚазМұнайГаз" бен санкцияға ұшыраған ресейлік "Лукойл" бірлескен жобаларға санкция әсерін бағалап жатыр


Қазақстан АҚШ санкциясына іліккен ресейлік "Лукойл" және "Роснефть" компанияларымен мұнай-газ саласында әріптес.
Қазақстан АҚШ санкциясына іліккен ресейлік "Лукойл" және "Роснефть" компанияларымен мұнай-газ саласында әріптес.

Қазақстандық "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы және Батыс елдері санкцияна іліккен ресейлік "Лукойл" компаниясы бірлескен жобаларға сыртқы шектеулердің әсерін жан-жақты бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Ресейдің "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

"Қазіргі кезде бірлескен жобалардың қатысушылары санкция шектеулерін қоса алғанда, сыртқы факторлардың әсер қалай болуы ықтимал екенін кешенді түрде бағалап жатыр. Бағалау құқық, қаржы және техникалық аспектілерді ескере отырып жүргізіледі", — агенттік жолдаған сауалға берген ресми жауапта "ҚазМұнайГаз" осылай деген.

Компанияның хабарлауынша, жобалар бойынша жұмыстар ел заңдарына және шартта көрсетілген міндеттемелерге сәйкес белгіленген тәртіппен атқарылып жатыр.

"Барлық келісімшарттарда шектеу шаралары енгізілген жағдайда әрекет ету тәртібін айқындайтын санкция тармақтары қарастырылған. Бұл тармақтардың мазмұны құпия сипатта", — деген ұлттық компания өкілдері.

Биылғы қазан айында АҚШ билігі Ресейдің ірі мұнай өндірушілері — "Лукойл" мен "Роснефть" компанияларына қарсы санкция енгізген. Вашингтон Мәскеуді Украинадағы соғысты тоқтатуға жеткілікті түрде ықылас танытпай отыр деп айыптады.

XS
SM
MD
LG