Ресей президенті Владимир Путин коммунистік партия лидері Геннадий Зюгановтың Волгоградтың атын Сталинград деп өзгерту туралы ұсынысы жөнінде ойланып көретінін айтты.
"Ойлану керек. Жергілікті халық шешеді, бірақ тұтас алғанда Ұлы отан соғысына қатысы мен Сталиннің жеңістегі рөлін ескеру керек және мұны саясиландырмауға тырысу қажет" деді Путин. Оның сөзінен РБК үзінді келтіреді.
Путин сонымен бірге Сталин тұсындағы репрессия мен оның Ұлы отан соғысы кезінде жеңіске қосқан үлесін ұмытпау керек екенін алға тартқан.
РБК айтуынша, 2017 жылы режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Путин Сталинді "құбыжық қылып көрсетуді" Совет одағы мен Ресейге шабуылдаудың бір амалы ретінде атаған.
Сәуір айында да Путин Волгоградты Сталинград деп атау туралы ұсыныс жөнінде ойланып көретінін айтқан, ол кезде Волгоград әуежайы Сталинград деп аталған.
Геннадий Зюгановпен кездесу кезінде ол сонымен бірге Мәскеудегі Лубянк алаңына Феликс Дзержинскийдің ескерткішін қайта әкелуді ұсынған.