Accessibility links

Өзбекстанда көрші елдерге де қызмет көрсететін спутниктік интернет-хаб пайда болады


Өзбекстан еуропалық SES (Satellite Communication Service Provider) провайдері бар Орталық Азияға арналған спутниктік интернет бағдарламасы бойынша келісімге қол қойды. Бұл жөнінде “Өзбекстан 24” телеарнасына берген сұхбатында цифрлық технология министрі Шерзод Шерматов айтты.

Шенеунік Ташкент спутниктік интернет хабы болады деп мәлімдеді. Ол тек ел ішінде ғана емес, аймақтағы көрші елдерге де қызмет көрсетеді.

«Бұл жоба Өзбекстанда хаб құруды қарастырады, ол Өзбекстанға көрші елдерге де қызмет көрсетеді... Қосымша интернет-қызметін көрсету есебінен Өзбекстанның экспорттық кірісі де артады” деді ол.

Бұған дейін Gazeta.uz басылымы SES Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанның (Қазақстанның өз инфрақұрылымы бар, Түркіменстан жобаға қатыспайды) шалғайдағы аймақтарын интернетке қосу үшін спутниктік интернеті мен құрлықтық терминалдарын іске қосатынын хабарлаған.

Наурызда ЕО, Expertise France, ЕИБ өкілдері және SES провайдерлері Ташкентте Орталық Азияны спутниктік интернетпен қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2026 жылдан бастап шалғайдағы ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ететін спутниктік интернет-операторлар жүмыс істей бастайды деп мәлімдеген. Олар жер, мүлік, кіріс және бес жылға қосымша құн салығынан босатылады.

Қазан айының басында Өзбекстан Amazon компаниясымен спутниктік интернетті іске қосу бойынша алдын ала келіскен. Цирфрлық министрлік пен Amazon Kuiper Commercial Service өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған.

Биыл тамызда Қазақстан Илон Масктің SpaceX компаниясының спутниктік Starlink интернеті іске қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанған. Оның ең арзаны тарифі айына шамамен $43 тұрады.

Қазан айында Starlink Тәжікстанның байланыс қызметімен осыған ұқсас келісім жасасқан. Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда бұл қызмет 2025–2026 іске қосылады.

XS
SM
MD
LG