Ұлыбританияның Манчестер қаласында синагогаға шабуыл жасалып, екі адам қаза болды, бірнеше адам жараланды. Күдікті әуелі көлікпен бір топ адамды қаққан, одан кейін оларға пышақпен ұмтылған. Оны полиция атып өлтірді деп жазды BBC ақпарат агенттігі.
Күдіктіні шабуылға не итермелегені белгісіз. Шабуыл еврейлер Йом-Кипур мерекесін (Қиямет күні) тойлап жатқан шақта болды. Бұл күні әдетте синагогаға көп адам барады.
BBC-дің жазуынша, оқиға орнына жарылғыш затты зарарсыздандыратын топ шақырылған.
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер үкіметтің қауіпсіздік жөніндегі комитетінің шұғыл отырысын шақырды. Онда биліктің төтенше жағдайға реакциясы талқыланбақ. Ол Еуропа елдерінің жетекшілері кездесетін Копенгагентегі жиыннан Лондонға оралмақ.
Елдің барлық өңірінде синагогаларда қауіпсіздік күшейтілді.