Лондонның қылмыстық істер жөніндегі Олд-Бейл соты ресейлік "Вагнер" жеке әскери компаниясының тапсырмасымен қойманы өртеді немесе қылмыс туралы хабарламады деп айыпталған Ұлыбританияның алты азаматын 7 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
Сот үкімінде олардың Ресейдің тапсырмасымен "жоспарланған теракт" және "зымияндық" жасағаны жазылған. Бұл шет мемлекеттің қастық әрекетімен күрес аясында қабылданған ұлттық қауіпсіздік туралы заңға сәйкес қозғалған алғашқы іс деп жазды BBC.
Өрт 2024 жылы 20 наурызда Лондонның шығысында болған және 1,3 млн фунт стерлинг (1,7 млн доллар) көлемінде шығын келтірген. Өрттен кейін топ Ресей билігін сынап жүрген кәсіпкер Евгений Чичваркиннің мейрамханасын өртеп, өзін ұрлап әкетуді жоспарлаған.
Топ жетекшісі 21 жастағы Дилан Эрл 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Джейк Ривзді сот – өртті ұйымдастырды, Джейким Роуз — өрт қойды, Нии Менс – қылмысты видеоға түсірді, Агнис Асмен өрт орнынан қылмыскерлерлі көлікпен әкетті деп кінәлі таныды. 20 жастағы Эштон Эванс теракт жөнінде біле тұрып, полицияға хабарламағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Барлық сотталушының жасы 23-тен аспайды.
 
 
