Тамыздың 2-і күні Алматыда дуатлоннан жарыс өтті. Қазақстан әуесқой триатлон федерация ұйымдастырған жарысқа қатысушылар оның үш кезеңінде – 4 шақырымға жүгіру, 20 километрге велосипедпен жарыс және тағы 4 шақырымға жүгіруден өзара бәсекеге түсті. Алғаш рет өткізілген дуатлон жарысына 400-ден аса адам қатысты.
Алматыдағы дуатлон жарысы
1
Жарыстың бірінші кезеңінде қатысушылар Алматыдағы тұңғыш президент саябағында 4 шақырым қашықтыққа жүгіруден сынға түсті.
2
Дуатлон жарысына қатысушылар.
3
Мәреге дейін сәл ғана қалды...
4
Дуатлонның екінші кезеңінде Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойымен 20 шақырымға велосипедпен жарыс өтті.
5
Велосипедпен жарысып бара жатқан дуатлонға қатысушылар.
6
Алматыдағы дуатлонға әлемді велосипедпен аралап шыққан қазақстандық саяхатшы Мағжан Сағымбаев та қатысты.
7
Әл-Фараби даңғылы бойында Almaty Duathlon 2015 жарысын қызықтап тұрған алматылық байкер.
8
Әл-Фараби даңғылы бойында жарысқа түскен велошабандоздар.
9
Жарыстың үшінші кезеңінде оған қатысушылар тағы да 4 километрге жүгіруден сынға түсті.
10
Мәреге де жеттік-ау! 
11
Almaty Duathlon 2015 жарысына қатысушы Катсуя Ишизаки Жапония туын көтеріп ұстап келеді. 2 тамыз 2015 жыл.
12
Ортада арбада отырған - шаңғымен тұғырдан секіруден 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы, қазақстандық спортшы Евгений Левкин. 2 тамыз 2015 жыл.
13
Дуатлон жарысына қатысушылар.
14
Дуатлонға қатысушылар мен жанкүйерлер естелік суретке түсті.