Accessibility links

Шымкенттегі наразылық пен түнгі ойран. 4-6 қаңтар

2022 жылдың алғашқы күндері Шымкентте халықтың билікке талабын айтып, бейбіт басталған наразылық шерудің соңы тәртіпсіздік пен бейберекеттік, өртеу мен қиратуға ұласты. Бейбіт шеру кезінде жұртты тәртіп сақтап, дүние-мүлікті бүлдірмеуге үндегендер болғанымен кейін әлдебір бұзақылар көліктерді өртеп, төңкере бастады. Тәртіпсіздіктер кезінде оқ тиіп қаза болғандар мен жараланғандар бар, бірақ билік олардың есебін айтпай отыр.

XS
SM
MD
LG