15 жыл бұрын "заңсыз салынған" үйлерді сүріп тастауға келген полицияға тұрғындар қарсылық танытқан Шаңырақта одан бері көп нәрсе өзгерген. Бір кезде ешқандай инфрақұрылым болмаған, жауын-шашын болса саз балшыққа айналатын елдімекендегі орталық көшелерге асфальт төселіп, жарық бағандары орнатылған. Ықшамауданда жаңадан мектеп, аурухана салынған.
Шаңырақтың қазіргі келбеті
1
Шаңырақ ауылындағы №26 орта мектеп. Он бес жыл бұрын мектеп ғимараты жалғыз қабат болатын. Қақтығыс болған күні ол полиция штабына айналған еді. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
2
Шаңырақтағы №26 орта мектептің қасынан өтіп бара жатқан "Зил-130" жүк көлігі.
3
Шаңырақтан Алматының орталық бөлігіне бірнеше бағыт бойынша автобус қатынайды.
4
Шаңырақ ауылында көшеде кетіп бара жатқан жеңіл көлік. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
5
Шаңырақта көшеде такси ұстап тұрған адамдар. Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
6
Шаңырақ тұрғыны Бейбіт Әжітаев биыл көкөніс күрт қымбаттап кеткенін айтады. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
7
Шаңырақ ауылындағы көшеде. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
8
Шаңырақ көшесіндегі жолаушы автобусы. Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
10
Шаңырақ көшесінде. Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.
12
Шаңырақ ауылында, Алатау ауданы, Алматы, 7 шілде 2021 жыл.