Accessibility links

ХАМАС барлық израильдік тұтқындарды босатуға келісті


Газа секторын қолдау митингісі.
Газа секторын қолдау митингісі.

ХАМАС (АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым деп танылған) барлық израильдік тұтқындарды босатып, Газа секторындағы билікті тәуелсіз әкімшілікке беруге келісті деп хабарлады Al Jazeera.

Ұйым АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жоспарын талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

Жұма күні Трамп ХАМАС жексенбі кешке дейін Газа секторында бейбітшілікті орнату туралы жоспарын қабылдауы керек немесе тұтас жойылады деп мәлімдеген.

Қозғалыс мәлімдемесінде Трамптың Газа секторының болашағына қатысты ұсыныстары және палестиналықтардың құқығы "бірыңғай ұлттық ұстаным" және "халықаралық заңдар мен қарарлармен" байланысты екені жазылған.

ХАМАС бұл мәселелер "палестиналық ұлттық құрылым" аясында шешілуі керектігін және оған ХАМАС "жауапты үлес" қосатынын айтты.

Ұйымның соңғы мәлімдемесі Газа секторынан тұтас кетуді талап еткен АҚШ президентінің жоспарына қайшы.

Бұған дейін Трамптың жоспарын Еуропаның бірқатар елдерінің басшылары қолдаған. Ресей басшысы Владимир Путин бейсенбі күні кешке Мәскеу "құжатты қолдауға дайын" деп мәлімдеген. Ұсыныспен Израиль де келіскен.

Трамп Truth желісінде ХАМАС-тың жауабы ұйым "тұрақты бейбітшілікке дайын" екендігінен хабар береді деп жазды. Ол Израильден Газа секторында атысты тоқтатуды талап етті.

XS
SM
MD
LG