Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

16:09 1.4.2020

Қазақстанда тағы үш адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

1 сәуір күндізгі сағат 16:50-де денсаулық сақтау министрлігі Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында үш адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Қазақстанда науқастар саны 372 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтанда - 184 адам
  • Алматыда - 84 адам
  • Қарағандыда - 14 адам
  • Атырау облысында - 16 адам
  • Ақмола облысында - 16 адам
  • Алматы облысында - 9 адам
  • Қызылорда облысында - 25 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 3 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 4 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Түркістан облысында - 5 адам.

Барлығы үш адам вирустан қайтыс болды. 1 сәуірде Қарағандыда 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Науқастың диагнозында коронавирустан бөлек екі жақ пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі болған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам көз жұмды. Дәрігерлер науқаста қант диабеті, қан қысымы, жүрек қантамыр аурулары болғанын айтты. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 64 жастағы әйел қайтыс болған.

16:31 1.4.2020

Абаев: Коронавируспен күреске үкімет резервінен 23 млрд теңге қаражат бөлінген

Дәурен Абаев.
Дәурен Абаев.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируспен күреске үкімет резервінен үш рет ақша бөлінген деп хабарлады.

"Алғаш рет 29 қаңтарда 1 млрд 609 млн 620 мың теңге бөлінді. 21 ақпанда қосымша 428 млн 227 мың теңге бөлінді. Үшінші рет 25 наурызда 21 млрд 430 млн 635 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл қаржы дәрі-дәрмек, медициналық және зертхана жабдықтарын алуға, маска, қолғап, қорғаныш костюмі, тест жүйесін сатып алуға жұмсалды" деді Абаев.

Оның айтуынша, бұған қоса азаматтарды эвакуациялау, шекара қызметі қызметкерлерін жабдықтау, залалсыздандыру құралдарын сатып алуға жұмсалған.

17:18 1.4.2020

Қазіргі жағдай жайлы 7 ақпарат

Құрметті оқырман Азаттықтың жазбаша Live парақшасына енді ғана кірсеңіз, қазірге дейінгі маңызды жеті ақпаратты назарыңызға ұсынамыз.

  • 1 сәуірде Қарағанды облысында 62 жастағы ер адам көз жұмды. Қазақстанда үшінші адам коронавирустан қайтыс болды.
  • Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың сөзінше, Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыда медициналық қызметкерлерге коронавирус жұққан. Осыған дейін Қызылорда мен Атырауда да медбикелерден коронавирус табылған еді.
  • Қазақстанда 1 сәуір 16.55-тегі дерек бойынша 372 адамнан коронавирус табылды. 26 адам дертінен айықты. Қай облыста қанша адамның вирус жұқтырғанын мына картадан көре аласыз.
  • Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, вирус жұқтырған 369 адамның 91-і шетелден келген. Қалғандары сол адамдармен байланыста болған.
  • Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына сай, коронавирустан қайтыс болғандардың сүйегі туысқандарына берілмейді, мәйітханада сараптама жасалмайды. Онымен қоштасуға отыз минутқа созылады. Ара қашықтық үш метрден кем болмауы керек. Қоштасу рәсіміне туысқандары мен бір дін қызметкері қатысады.
  • Түркістан облысында коронавирус жұққан бірінші науқас - әйел адамның отбасындағы үш адамнан вирус табылды. Жалпы Түркістан облысында бес адамнан вирус табылды. Оның барлығы – Жетісай тұрғыны.
  • Әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар 862 мыңнан асты. Бұл туралы АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінде айтылады. Қазір әлемде Covid-19 дертінен 42404 адам көз жұмды. 178836 адам аурудан жазылды.
17:59 1.4.2020

Ақмолада тағы үш адамнан вирус табылды

1 сәуір күндізгі сағат 18:50-де денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысында үш адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Аймақта 18 науқас бар.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 375 адамға жетті. Елде үш адам вирустан бақилық болды. 1 сәуірде Қарағандыда 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Науқастың диагнозында коронавирустан бөлек екі жақ пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі болған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам көз жұмды. Дәрігерлер науқаста қант диабеті, қан қысымы, жүрек қантамыр аурулары болғанын айтты. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 64 жастағы әйел қайтыс болған.

Тағы

XS
SM
MD
LG