Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:16 17.9.2020

Пневмонияға шалдыққан тағы 263 адам анықталды, covid-ті қосқанда 8 адам қайтыс болды

16 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 263 адам анықталды, пневмонияның осы түрінен 3 адам қайтыс болды. Бір күнде 72 адам жазылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері коронавирусқа ұқсас пневмонияға 30 337 адам шалдыққан, 335 адам қайтыс болған. 26 478 адам жазылған.

Медицина қызметкері пневмония анықталған науқасқа укол салып жатыр.
Медицина қызметкері пневмония анықталған науқасқа укол салып жатыр.

16 қыркүйекте коронавирус инфекциясынан 5 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған науқастар арасында 1685 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі жүздеген адам өлімін бұл статистикаға енгізбеген. Ведомство олардың өліміне коронавирус емес, "ілеспе аурулар" себеп болды деп мәлімдеген.

Қазір 4 037 адам covid-тен емделіп жатыр, 37-і - бала. Стационарда - 2 221 адам, амбулаторлық жағдайда 1 816 адам емделіп жатыр. 125 адамның жағдайы ауыр, 16 науқастың жағдайы - өте ауыр, 18 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

07:22 17.9.2020

Қазақстанда өткен тәулікте 72 адамнан коронавирус табылды

16 қыркүйекте Қазақстанда 72 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бір күнде 188 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (20) тіркелген. Шымкент қаласы, Маңғыстау облысында бірде-бір науқас анықталмаған.

Медицина қызметкерлері.
Медицина қызметкерлері.

Ұлттық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, күн сайын шамамен 9-18 мың аралығында коронавирусты анықтайтын ПТР-тест жүргізіліп жүр.

Елде коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар саны 107 056 адамға жетті. Дегенмен бұл статистикаға коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталмаған, бірақ клиникалық белгілері covid-ке ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны енгізілмеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) екі көрсеткішті біріктіруге кеңес бергенмен Қазақстан билігі екеуін екі бөлек жариялап жүр. ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда наурыз айынан бері 137 058 адам коронавирусқа шалдыққан, кемінде 2008 адам қайтыс болған.

Бұған дейін министрлік коронавирус жұққан қайтыс болған 500-ден астам адам "covid-тен емес, ілеспе аурудан қайтыс болды" деп мәлімдеген.

16 қыркүйекте елде бас санитар дәрігер тағы ауысты. Айжан Есмағамбетованың орнына денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ерлан Қиясов тағайындалды. Елде бас санитар дәрігер бір жылдың ішінде екінші рет ауысып отыр. 2020 жылдың 20 мамырында Жандарбек Бекшин қызметінен кетіп, орнына Айжан Есмағамбетова тағайындалған еді.

18:43 16.9.2020

Қазақстанда коронавирус ахуалы қандай?

  • 16 қыркүйектегі ресми дерек бойынша, Қазақстанда 137 мыңнан аса адам індетке шалдығып, екі мыңнан аса адам қайтыс болды. Бұл есепке анализінен коронавирус табылғандар да; анализі теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар да енген.
  • Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус жұқтырған және коронавирустық пневмонияға шалдыққан 127 мыңнан аса адам дерттен айықты.
  • Қазақстанда тағы да бас санитарлық дәрігер ауысты. Үкімет қаулысымен Ерлан Қиясов денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Қазақстан бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.
  • Министрліктің хабарлауынша, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан 1581 медқызметкер үкіметтен 2 млн өтемақы алған. Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған 22 медқызметкердің жақындарына 10 млн теңге өтемақы берілді. Бірақ елде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған медқызметкердің саны әлдеқайда көп.
  • Министрліктің дерегінше, қазір елде коронавирус жұқтырған 4037 адам емделіп жатыр. Олардың 2221-і ауруханада, 1816-сі үйде. Вирус жұқтырып емделіп жатқандар арасында 37 бала бар.
  • 125 науқастың жағдайы ауыр. Оның 16-сының халі өте ауыр. 18 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
18:38 16.9.2020

Қазақстанда бас санитарлық дәрігер тағы ауысты. Қызметке Ерлан Қиясов тағайындалды

Ерлан Қиясов
Ерлан Қиясов

Үкімет қаулысымен Ерлан Қиясов денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Қазақстан бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

47 жастағы Қиясов Қазақ мемлекеттік медициналық университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Ол карьеарасын 1990 жылы Алматыдағы жедел медициналық көмек аураханасының жансақтау бөлімінің санитарлық дәрігері болып бастаған. 1997-99 жылдары Қазақстан әуе транспорттарының эпидемологиялық станциясында эпидемиолог дәрігер болған. 1999 жылдан бастап Президент іс басқармасы медициналық орталығында (мемлекеттің бірінші тұлғалары мен мемлекеттік қызметкерлерді емдеуге арналған аурухана, ғылыми орталық пен шипажайлар кешені) санитарлық дәрігер болып келген.

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ведомствоға келгенге дейін Президент іс басқармасы медициналық орталығын басқарған.

Елде санитарлық дәрігер бір жылдың ішінде екінші рет ауысып отыр. 2020 жылдың 20 мамырында Жандарбек Бекшин қызметінен кетіп, орнына Айжан Есмағамбетова тағайындалған.

Айжан Есмағамбетованың қызметінен не үшін босатылғаны белгісіз.

Қазақстанда коронавирус пандемиясы өршіп, елде індетке шалдыққандар көбейген тұста елдің денсаулық саласында көптеген ауыс-түйіс болды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде ауруханада орын жетпей, дәрі тапшылығы қысқан шақта қызметінен кетті. Өзі де коронавирус жұқтырғаны хабарланған Біртанов министрліктен "емделу үшін" кеткенін жазған. Кейін оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

Бірақ ел президенті Қасым-Жомарт елдегі індеттің өршіп, ауруханадағы орын мен дәрі тапшылығына Елжан Біртановты айыптай сөйледі. Біртановтың тұсында жұмыс істеген вице-министр Олжас Әбішев "ақша жымқырды" деген күдікпен ұсталған. Қазір Біртанов жұрт көзінен таса болды. Ал Әбішевтің ісі қалай жүріп жатқаны белгісіз. Бұдан бөлек денсаулық сақтау министрлігімен тығыз байланысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" компаниясының топ-менеджерлері жұмыстан босатылды. Билік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" компаниясына қатысты тергеу басталғанын хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Диагнозы - "қираған жүйе". Қазақстанның денсаулық сақтау саласы мен пандемия

Қазақстан - ТМД елдері ішінде коронавирустан қатты зардап шеккен елдің бірі. Елде 16 қыркүйектегі ресми статистикаға сай, 137 мыңнан аса адам індетке шалдығып, екі мыңнан аса адам қайтыс болды. Бұл есепке анализінен коронавирус табылғандар да; анализі теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар да енген. Қазір елде індетке шалдыққан 127 мыңнан аса адам науқас дерттен айықты.

Тағы

XS
SM
MD
LG