Accessibility links

Бұрынғы премьер Бабиштің партиясы Чехиядағы сайлауда жеңіске жетті


Чехияның бұрынғы премьер-министрі Андрей Бабиш парламент сайлауында жеңіске жетті. Сайлау жұма, сенбі күндері өтті. 4 қыркүйекте кешке қарай барлық округтағы дауыстар саналып бітті деп жазды iDnes.

ANO ("Иә") партиясы 34,5 пайыз дауыс алды. Бұл 2021 жылғы сайлаудағы көрсеткіштен 7,5 пайызға көп және бұл оған 200 орындық палатадан 80 орын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі премьер Петр Фиалаға тиесілі Spolu ("Бірге") коалициясы 23,3 пайыз дауыс жиналды, осылайша алдын ала мәлімет бойынша 19 мандаттан айырылған.

Фиала дауыс беру қорытындысын құрметтейтінін айтып, Бабишті сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Бабиштің партиясы Еуроодақты сынаумен танылған және Праганы Украинадағы соғысқа сақ қарауға шақырған. Кампания кезінде бұрынғы премьердің саяси қарсыластары оны ресейшіл және Еуроодаққа қарсы ұстанымы үшін сынаған. Бабиштің партиясы мұны жоққа шығарады.

Парламентке алты партия мен коалиция өтті. Сайлауға қатысу белсенділігі 1998 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішті көрсетті. Алдын ала мәлімет бойынша сайлаушылардың шамамен 69 пайызы дауыс беруге қатысқан.

Бабиш "сайлаушылар менің премьер-министр болғанымды қалайды" деп мәлімдеді. Жексенбі күні таңертең оның партиясы оңшыл популистер SPD (Svoboda a přímá demokracie, 7,8 пайыз дауыс) және еуроскептиктермен үкімет құру бойынша келіссөз бастамақ.

XS
SM
MD
LG