Accessibility links

Ақ үйдегі дереккөз: Трамп Путинмен кездесуді жоспарлап отырған жоқ


АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путин. АҚШ, тамыз 2025 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путин. АҚШ, тамыз 2025 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы уақытта Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отырған жоқ. Ақ үйдегі дереккөздерге сүйенген Reuters осылай деп жазды. CBS News бен CNN дереккөздері де осыны айтып отыр. NBC News дереккөзінің мәліметінше, Будапештегі саммит бойынша дайындыққа "үзіліс" жарияланған.

NBC News дереккөзінің айтуынша, АҚШ президенті тараптар "келіссөзге дайын емес" деп санайды. Трамптың өзі бұған түсініктеме бермеді.

Бұған дейін CNN АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың осы аптаға жоспарланған кездесуі белгісіз себептермен шегерілгенін хабарлаған. Арна сөйлескен мамандардың бірі тараптарда Украинадағы соғысты аяқтау мәселесінде қайшылық барын айтқан. Мәскеудегілер кездесу жоспарланабағандықтан сәйкесінше оны шегеру де мүмкін емес деп айтқан.

CBS News жазуынша, Лавров пен Рубио осы аптада телефонмен тағы сөйлесуі мүмкін. Арна екі дипломаттың алдыңғы телефон қоңыраулары "өнімді" болғанын айтқан. CNN Мәскеу максималистік талаптарынан бас тартпай отырғанын айтты.

АҚШ-тың атысты тоқтату мен майдан сызығында тоқтау туралы ұсынысына жуырда пікір білдірген Лавров бұл "Украинаның басым бөлігі нацистердің бақылауында қалдырғанын білдіреді" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG