Accessibility links

Алматыда жер сілкінді


Алматы қаласы.
Алматы қаласы.

21 қыркүйекте сағат 16:25-те Алматыда жер сілкінді.

“Жер сілкінісі ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класс – 7.2. Магнитудасы MPV 3.8” деп жазылған қалалық төтенше жағдай департаменті хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.

Жексенбі күні Алматы тұрғындарына жер сілкінгені жөнінде хабарлама келді. Кей тұрғындар мұндай хабарламалардан шошып қалғанын жазды.

Төтенше жағдай департаменті сейсмологтардың датчиктері белгі бергеннен кейін Mass Alert хабарламасы автоматты түрде қосылғанын айтты.

"Сабыр сақтауларыңызды өтінеміз. Байбалам салуға негіз жоқ. Анықталған ақпарат кейінірек таратылады" деді ведомство өкілдері.

XS
SM
MD
LG