Accessibility links

Алматы, Астана және Шымкентте белсенділерге қымбатшылыққа қарсы митинг өткізуге рұқсат берілмеді


Митинг өтетін деген орынға жақын жерде тұрған полиция автобусы. Астана, 31 мамыр, 2024 жыл.
Митинг өтетін деген орынға жақын жерде тұрған полиция автобусы. Астана, 31 мамыр, 2024 жыл.

Алматы, Астана және Шымкент әкімдіктері белсенділерге қымбатшылыққа қарсы митинг өткізуге рұқсат бермеді. Бұл жөнінде “Белсенділер экстремист емес” тобы жазып, әкімдіктердің берген жауаптарын да жариялады. Белсенділер 25 қазанды айтып, үш уақытты көрсеткен.

Әкімдіктер жауаптарында белсенділер көрсеткен орындарда басқа шара өтетіні немесе ақпарат толық еместігін атап айтқан. Мысалы, Шымкент әкімдігінің 2 қазан күні жіберген жауабында “Бейбіт жиын өткізу туралы” заңның 14-бабына сәйкес (толық емес ақпарат) өтініш орындалмағаны жазылған.

“Белсенділер экстремист емес” құқық қорғау тобының мәліметінше, 2020 жылдың 30 шілдесінен бастап 2025 жылдың 8 қазаны аралығында бейбіт жиын, бір адамдық пикет немесе шеру өткізу туралы кемінде 713 өтініш орындалмаған. 27-сі биыл тіркелген.

Бұған дейін Оралда да бірқатар белсенділер қымбатшылыққа қарсы митинг өткізуге рұқсат ала алмаған еді.

2020 жылы қабылданған "Бейбіт жиын өткізу" туралы заңды билік "демократияға қадам" деп бағалағанмен құқық қорғаушылар аталған заңда бұрынғы шектеулер сақталып қалғанын айтып келеді. Айтуларынша, заң жергілікті атқару органдарына бейбіт жиын өткізу туралы өтінішті орындамауға мүмкіндік береді.

XS
SM
MD
LG