Ресейдің мемлекеттік думасы жыл бойы әскерге шақыруға мүмкіндік беретін заң жобасын үш оқылымда да мақұлдады. Бұрын Ресейде әскерге шақыру көктемде және күзде жүрген. Енді бұл процесс жыл бойы жүре береді. Бірақ әскери қызметке жіберу бұрынғыдай жылына екі рет болады.
"Вёрстка" сайты жаңа заң әскерге шақыру жүйесін толық өзгертетінін айтады. Енді Ресейде әскерге шақыру комиссиясы, медициналық және психологиялық тексеріс жыл бойы жүргізілмек.
Заң жобасының авторлары бұл "әскерге шақырудың сапасын арттырады" дейді. Ал құқық қорғаушылар билік әскер қатарын тұрақты толықтыруға әрекет жасап жатыр деп есептейді.
"Вёрстка" комиссия енді ер адамдарды кез келген уақытта әскерге шақыруға мүмкіндігі болатынын, полиция оларды кез келген уақытта ұстап, комиссияға апара алатынын жазады.