Accessibility links

Еңбек министрлігі: Биыл тоғыз айда 133 жұмысшы қаза тапты


Қазақстанда 2025 жылғы 1 қазанға дейін өндіріс орындарындағы қайғылы жағдайлардан 934 адам жапа шегіп, оның 133-і көз жұмды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеп ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

"Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша, өндірісте жарақат алу 2024 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,4 пайызға төмендеген" деп келтірді агенттік министрлік мәлімдемесін.

Министрліктің дерегінше, жарақат алу деңгейі өнеркәсіп ошақтары көп облыстарда жоғары. Қарағанды облысында 103 адам, ШҚО-да 89 адам, Павлодар облысында 68, Ақтөбе облысында 64, Атырау облысында 48, Алматы қаласында 51 адам жапа шеккен.

Қайғылы жағдайлардың көбі тау-металлургия кешендерінде (17,4 пайыз) және құрылыс орындарында (10,2 пайыз) тіркелген. Министрлік қайғылы оқиғалардың себептерін де атаған. Олардың қатарында: жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы (34,2 пайыз), жапа шеккендердің абайсыздығы (33,6), еңбекті қорғау ережелері (8,5 пайыз) мен жол жүру ережелерін (7,8 пайыз) бұзу бар.

Осы жағдайларға байланысты құқық қорғау органдарына 730 тергеу материалдары жолданған. Оның 211-і бойынша қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG