Accessibility links

Қазақстанда салық кодексіндегі даулы нормаға қарсы петицияға қол жинау басталды


Қазақстанда бизнес және азаматтық қоғам өкілдері Салық кодексіндегі 286-бап 16-пунктіге қарсы петицияға қол жинай бастады. Бұл пункт жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын компаниядан тауар, жұмыс немесе қызмет сатып алған кезде салық төлеушілердің шығынын реттейді.

Петиция авторларының айтуынша, аталған норма іс жүзінде салық төлеушілерді жеңілдетілген жүйемен істейтін кәсіпкерлермен келісім жасасқан кезде шығынды есептеу құқығынан айырады. Олардың пікірінше, бұл таңдауды шектеп, компанияны шағын және орта бизнес өкілдерімен әріптестік орнатуда бас тартуға мәжбүрлейді, қымбатшылық пен нарықты монополизациялауға жетелейді.

Бұған қоса, бастама өкілдерінің ескертуінше, мұндай шара салық реформасына деген сенімге селкеу түсіріп, салықтық базаны қысқартуға апаруы мүмкін, себебі кәсіпкерлердің бір бөлігі көлеңкелі аумаққа кетеді немесе қызметін тоқтатады.

Петиция авторлары кодекстен салық төлеушілердің құқығын шектейтін 286-бап 16-пунктіні алып тастауды немесе дәлел құжаттар (есепшот, акт, төлем тапсырмалары) болған жағдайда өздерінің шығынын мойындауды ұсынады. Олар сонымен бірге бизнес, сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдерімен бірге аталған норманы талқылауды да ұсынды.

Петиция қазіргі кезде модерациядан өтіп жатыр және мақұлданғаннан кейін дауыс беруге ашық.

Бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмірин үкімет артық шектеулерді алып тастап, көптеген кәсіпкер үшін жеңілдетілген жүйені сақтап қалатынын айтқан. Қазіргі жүйеге сәйкес, жеңілдетілген жүйеге қатысы жоқ 44 позицияда қалған.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдіктер берілмек: салық тексерістерін, камералды бақылау, келісімді жарамсыз деп тану туралы сот шағымдары алып тасталады. 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін қарызды өтеген жағдайда айыппұл пен жарна қосылмайды.

XS
SM
MD
LG