Accessibility links

Трамп: Ресей Украинадағы соғыстан еш пайда көрмеді


Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясында сөйлеп тұр. 23 қыркүйек 2025 жыл.
Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясында сөйлеп тұр. 23 қыркүйек 2025 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясындағы сөзінде "Ресей Украинадағы соғыстан еш пайда көрмеді. Бұл үш күндік атыс болады деген еді, бірақ үш жыл өтсе де олар әлі соғысып жатыр" деді.

Ол тағы да Ресей соғысты аяқтамаса "өте қатал" санкциялар салатынын айтып, Еуропа елдерін Ресейден мұнай-газ сатып алмауға шақырды.

"Еуропа өзіне қарсы соғысты өзі қаржыландырып жатыр. Бұл Еуропа үшін ұят. Олар тез арада Ресейден мұнай мен газ сатып алуды тоқтату керек. Бұл туралы бүгін сөйлесеміз. Ресейге санкция салсам, соғыс бірден бітер еді, бірақ Еуропа жасау керек ісін жасай алмай отыр" деді Трамп.

Бұған қоса АҚШ президенті Қытай мен Үндістанның Ресеймен экономикалық қарым-қатынасын меңзеп, бұл екі Украинадағы соғыстың "негізгі демеушілері" деп атады.

Ақпарат толықтырылады.

XS
SM
MD
LG