Accessibility links

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды


Алматы облысында өртті сөндіріп жатқан жұмысшылар. 16 қыркүйек 2025 жыл.
Алматы облысында өртті сөндіріп жатқан жұмысшылар. 16 қыркүйек 2025 жыл.

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство хабарламасында өрт оқшауланғаны жөнінде бір сөйлемнен басқа ешқандай мәлімет айтылмаған.

Алматы облысында қоқыс полигонының өртеніп жатқанына бүгін алтыншы күн. Бұған дейін тұрғындар ысқа шағымдаған. Алатау қаласында техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді.

"Қазгидромет" осы апта ортасында 15-17 қыркүйек аралығында қаланың кейбір аумақтарында РМ-2,5 және азот диоксидінің шамадан тыс көбейгені тіркелгенін, осындай 15 жайт анықталғанын хабарлаған.

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге алты аймақ сөндірушілері қатысқан.

XS
SM
MD
LG