27 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 7:30 шамасында Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Алматы әуежайының хабарлауынша, №2100 рейспен Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшақпен байланыс жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:05 кезінде үзілген. Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. "Bek Air әуе компаниясының ұшағы аэродромнан аулақта құлады. Аман қалғандар бар. Апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр" деп хабарлады әуежай баспасөз қызметі.
Алматыдағы ұшақ апаты
1
Апат орнында жүрген құтқарушылар. 
2
Ұшақ құлаған маңда жүрген құтқарушылар мен полицей қызметкерлері. 
3
Талғар аудандық полиция басқармасына "Гүлдала елді мекенінің маңына ұшақ құлағаны" туралы ақпарат таңертеңгі сағат 7:30-да түскен.
4
Азаттық тілшілері апат болған аумақты полиция қоршап тастағанын хабарлаған.
5
6
7
.
8
9
Әзірге толық емес ақпарат бойынша, 24 адам зардап шеккен. №1 Алматы облыстық ауруханаға жеткізілген алты адамның бесеуінің жағдайы ауыр. №4 қалалық клиникалық ауруханаға 19 адам жеткізілген. 
10
Туысын тізімнен іздеп жатқан азамат. Алматы қалалық № 4 клиникалық ауруханасы.
11
Апат орнында. 
12
Зардап шеккендердің тізімі.