4 қазан күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Азия ойындары мәреге жетті. Қазақстан бұл жолғы Азиаданың 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медалін (жиыны 84 жүлде) иеленіп, жарысты жалпыкомандалық есепте 4-орында аяқтады. Азаттық Азия ойындарында чемпион және жүлдегер атанған Қазақстан спортшылары туралы фоторепортаж ұсынады.
Азия ойындары - 2014
1
Қазақстандық Әділбек Ниязымбетов (сол жақта) 85 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.
2
Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов 69 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында да жеңіске жеткен. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.
3
Қазақ боксшысы Ілияс Сүлейменов Азия ойындарының чемпион атанды. 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Данияр Майлыбаев.
4
Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (қызыл формада) 75 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.
5
Қазақстан боксшысы Иван Дычко +91 килограмда Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында күміс медаль алған. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл
6
Грек-рим күресінен 130 килограмда Нұрмахан Тінәлиев қарсыластарының барлығын жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 2010 жылғы Азия ойындарында да алтын алған еді. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Данияр Майлыбаев
7
Каратэден 68 килограмда Гузалия Гафурова финалда Линглинг Тангты 4:3 есебімен ұтып, Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 3 қазан 2014 жыл.
8
Үш қарғып секіруде Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Инчхонда да алтын алды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында да алтын медаль иеленген. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов.
9
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде Азия ойындарының чемпион атанды. Ол 100 метрге жүгіруде қола медаль алған. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов
10
Қазақстандық жеңіл атлет Маргарита Мукашева 800 метрге жүгіруде Азия ойындарының чемпион атанды. Ол 2010 жылы Гуанжоуда өткен Азия ойындарында да жеңіске жеткен. Инчхон, 1 қазан 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов
11
Жеңіл атлетика 4х100 метрге эстафетада Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль иеленді. Инчхон, 2 қазан 2014 жыл