16 наурызда Қырымда өткен референдумде жергілікті тұрғындар Қырымды Ресей құрамына қосу туралы сауалға жауап берді.
Қырымдағы референдум
1
Перевальное селосындағы украиналық әскери база жанында тұрған қарулы адам (ресейлік әскери қызметкер болуы ықтимал).
2
Мұқабасында СССР гербінің суреті бар Украина азаматының паспорты.
3
Қырым премьер-министрі Сергей Аксенов сайлау учаскелерінің біріндегі дауыс беру кабинасынан шығып келеді.
4
Симферопольдегі сайлау учаскелерінің бірінде.
5
Пионерское селосындағы көшпелі дауыс беру жәшігіне салар алдында бюллетеньді оқып отырған сайлаушы.
6
Ресейшіл "Қырымның өзін өзі қорғау тобының" мүшесі өзі дауыс берген бюллетеньдегі "Ресей құрамына қосылуды жақтаймын" деген тұсқа қойылған белгіні журналистерге көрсетіп тұр.
7
Севастопольдегі сайлау учаскесінде дауыс берген егде жастағы әйел.
8
Сайлаушыға дауыс беру бюллетенін тапсыру.
9
Көшпелі дауыс беру жәшігімен сайлаушыға келе жатқан адамдар.
10
2014 жылы наурыздың 16-сы күнгі референдум Қырымдағы жағдайды Ресей әскерінің тасадан бақылауы астында өткізілді.